Сурет: Instagram/k.mendikanov
Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов «Барселонаның» U-16 командасы сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
15 жастағы вингер «Ла Масия» академиясының ішкі командаларының біріне қарсы жабық жаттығу матчына қатысты. Бұл ойын каталониялық клубтың Cadet A (U-16) құрамында өтті.
Матчтан соң Кәрім әлеуметтік желідегі парақшасында «Барселона» жейдесіндегі суреттерін жариялады.
Биыл жазда Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшарт жасасқан еді. Оралда туған футболшы бұған дейін Испанияның «Серданьола» және «Сант-Кугат» клубтарының жасөспірімдер командаларында ойнаған.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» сапында дебют жасады. Сондай-ақ ұлттық құрама қақпашысы Стас Покатилов әзірбайжандық «Сабахпен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты.
