Categories Спорт

Кабо-Верде мен Уругвай арасындағы матч тең аяқталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Кабо-Верде мен Уругвай құрамалары тең түсті. Майамидегі «Хард Рок» стадионында өткен H тобының кездесуі 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның 21-минутында Кабо-Верденің жартылай қорғаушысы Ленини есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай уругвайлықтар алға шықты: алдымен Максимилиано Араухо гол соқса, қосымша уақытта Агустин Каноббио мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда Кабо-Верде футболшылары мінез көрсетіп, 61-минутта Элио Вареланың голының арқасында есепті теңестірді. Осылайша аралдық мемлекет құрамасы маңызды бір ұпай еншіледі.

Кабо-Верде әлем чемпионатындағы екінші матчында қатарынан тең ойын көрсетті. Бұған дейін команда Испаниямен 0:0 есебімен тең түсіп, сенсация жасаған еді. Енді олар екі дүркін әлем чемпионы Уругвайдан да ұпай алып отыр.

Топтық кезеңнің соңғы турында Кабо-Верде Сауд Арабиясымен, ал Уругвай Испаниямен кездеседі. Матчтар 27 маусымда өтеді.

Ұқсас жазбалар

Египет Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай алды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының G тобындағы екінші тур матчында Египет құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1…

«Оқжетпес» бас бапкері Ринат Алюетов ойыншылардың күн өтуіне қатысты пікір білдірді

«Оқжетпес» бас бапкері Ринат Алюетов «Тобыл»-мен өткен матчта бірнеше ойыншыға күн өткенін айтты.

Виктор Друзин мен Наргиза Болатова Канададағы әлем Кубогында қола алды

Канададағы әлем Кубогының суперфиналында қазақстандық жұп қола медаль алды.