Әлем

Италия маңында мигранттар кемесі батып, бір қыз бала жоғалды

Сурет: agenzianova.com

Италияның Лампедуза аралы жанында мигранттар отырған кеме суға кетті. Жағалау күзеті 50-ге жуық адамды аман алып қалды, алайда бір қыз бала хабарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Agenzianova мәліметінше, құтқарылғандарды аралға түн ортасына дейін жеткізген. Жоғалған баланың анасын медициналық пунктте дәрігерлер тексерді. Қызыл Крест мамандары оған психологиялық көмек көрсетуде.

Сонымен қатар Сицилия аралының жағалауында тағы бір құтқару жұмысы жүргізілді. Поццалло портынан шамамен 250 шақырым жерде ашық теңізде 55 мигрант мінген шағын балық аулау кемесі табылды. Кеме бағытын жоғалтып, теңізде қалқып жүрген. 55 адамның барлығы құтқарылып, жағдайлары қанағаттанарлық.

Лампедуза аралы маңындағы апаттан кейін жоғалған қыз баланың тағдыры әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Танзания туымен жүзген As Dream сауда кемесі суға батып, кейін Кипрдің құтқару қызметтері экипаждың 10 мүшесін эвакуациялады.

Еске салайық, бұған дейін Индонезия жағалауындағы Ява теңізінде жолаушылар тасымалдайтын Virgo Transport 8 паромы суға батқан, кемеде барлығы 243 адам болған.

Көп оқылғандар