Сурет: Egemen Qazaqstan
Н тобындағы үшінші турдың шешуші кездесуінде Испания құрамасы Уругвайды 1:0 есебімен жеңді. Матч Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жалғыз голды 42-минутта жартылай қорғаушы Алекс Баэна соқты, оған нәтижелі пасты қорғаушы Маркос Льоренте берді. Кездесудің соңында Уругвай бір ойыншыға кем қалды: екінші таймға қосылған бесінші минутта жартылай қорғаушы Агустин Каноббио қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Бұл жеңіс Испанияға жеті ұпай жинап, Н тобында бірінші орын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі Еуропа чемпиондары 1/16 финалға жолдама алып, J тобының екінші орын алған командасымен — Австрия немесе Алжир құрамасымен кездеседі. Ал Уругвай екі ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Қосымша көрсеткіштер бойынша олар Сауд Арабиясын басып озғанымен, екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

