Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлем чемпионатының H тобында Испания мен Кабо-Верде құрамалары өздерінің алғашқы ойынын өткізді. Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium стадионында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойын барысында жанкүйерлер бірде-бір гол көрмесе де, тартысты сәттерге куә болды. Испания тарапынан көптеген өткір шабуылдар жасалды, алайда Кабо-Верде қорғаныста мықты екенін дәлелдеді. Испандықтар ойынның басым бөлігінде допты иеленіп, шабуылдағанымен, қарсылас қақпасына гол соға алмады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.
H тобының 2-турында Испания 21 маусымда Сауд Арабиясымен, ал 3-турда 27 маусымда Уругваймен кездеседі. Кабо-Верде болса 2-турда 22 маусымда Уругваймен, 3-турда 27 маусымда Сауд Арабиясымен ойнайды.

