Categories Спорт

Испания мен Кабо-Верде әлем чемпионатында кездеседі

Сурет: FIFA

Бүгін, 15 маусымда, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде төрт кездесу өтеді. Оның ішінде H тобында Испания Кабо-Вердемен ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы матч F тобында Нидерланд пен Жапония арасында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесу АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтті.

04:00-де Кот-д’Ивуар мен Эквадор кездесіп, G тобындағы ойын 1:0 есебімен африкалық команданың пайдасына шешілді. Ал 07:00-де Швеция Тунисті 5:1 есебімен ұтты.

Бүгін сағат 21:00-де H тобында Испания мен Кабо-Верде АҚШ-тың Атланта қаласында кездеседі. Матчты иорданиялық төреші Адхам Мохаммад басқарады. Бұл топта Сауд Арабиясы мен Уругвай да бар.

Испания әлем чемпионатына 17 рет қатысып, 2010 жылы чемпион атанған. 2024 жылы Луис де ла Фуэнте баптаған құрама Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Кабо-Верде әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр, іріктеуде Камерунды артта қалдырды.

Матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей көрсетеді. Сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн қолжетімді.

Ұқсас жазбалар

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енді. Ол бұл мәртебеге ие болған…

Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатында екі алтын алды

Қытайдың Сючжоу қаласында өткен 2026 жылғы триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын және бір…

Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті

Футболдан әлем чемпионатының F тобындағы алғашқы матчта Нидерланд пен Жапония құрамалары 2:2 есебімен тең түсті.