Қоғам

Исландия тұрғындары ЕО-ға кіру келіссөздерін қайта бастауға қарсы дауыс берді

Сурет: Depositphotos.com

Исландияда 29 тамызда өткен референдумда халықтың 51,2 пайызы елдің Еуропалық Одаққа (ЕО) кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға қарсы екенін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

RUV деректеріне сәйкес, алғашқы дауыс санау кезінде келіссөздерді қолдаушылар алда болған. Бірақ ауылдық округтердің нәтижелері шыққан соң, қарсы тарап басымдыққа ие болды.

ЕО-ға қосылуға қарсылар мүшелік елдің егемендігін шектеп, балық шаруашылығына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартты. Сондай-ақ, ЕО талаптары Исландиядағы кит аулау кәсібіне тыйым салуға әкелуі ықтимал еді.

Исландия ЕО-ға мүшелікке 2009 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін өтініш берген. Келіссөздер 2013 жылы еуроскептикалық үкімет билікке келген соң тоқтатылды.

Исландия ЕО мүшесі емес, алайда Шенген аймағына және Еуропалық экономикалық аймаққа кіреді.

Айта кетейік, маусым айында Премьер-министр Олжас Бектенов Еуропа елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, ірі шетелдік бизнес-қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» диалог платформасының 19-отырысын өткізді.

Көп оқылғандар