Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында нысана көздеуден іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский және Никита Шахторин 50 метр қашықтықтан үш қалыпта мылтық атудан іріктеуге қатысты.
Іріктеуде Ислам Сәтпаев 584 ұпай жинап, финалға өтті. Константин Малиновский 583 ұпаймен 13-орынды, Никита Шахторин 579 ұпаймен 20-орынды иеленді.
Іріктеу ұпайлары командалық есепке де кірді. Қазақстан құрамасы 1746 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Қытай бірінші, Үндістан екінші, Оңтүстік Корея үшінші орынды алды.
Сонымен қатар бүгін Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
