Сурет: Egemen Qazaqstan
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев өз атағын қорғап қалды. Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер ирландиялық Иэн Гэрримен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бес раундқа жоспарланған кездесу толық өтті. Алғашқы раундтан бастап Махачев күреске басымдық беріп, қарсыласын торға қысып, бірнеше рет партерге түсірді. Гэрри кейде тік тұрыста қауіпті шабуылдар жасағанымен, чемпион жекпе-жектің көп бөлігінде жағдайды бақылауда ұстады.
Екінші раундта Махачевтің дәл тепкісі Гэрри үшін қауіпті сәттердің бірі болды. Ирландиялық файтер кездесуді жалғастырып, кейінгі раундтарда қарқынын арттыруға тырысты. Дегенмен Ислам күрестегі басымдығын пайдаланып, қарсыласына еркін әрекет етуге мүмкіндік бермеді.
Үшінші раунд тең дәрежеде өтті, алайда Гэрри жиі соққы жұмсап, белсенді болды. Төртінші раундта Махачев қарсыласын партерге түсіріп, айқасты бақылауда ұстады.
Бес раундтың қорытындысы бойынша жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Нәтижесінде Махачев жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін алғаш рет сәтті қорғады.
Бұл Исламның кәсіби мансабындағы 29-жеңісі болды. Ал Гэрри екінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, ирландиялық файтердің мансабындағы алғашқы жеңілісін Шавкат Рахмоновтан көрген болатын. 2024 жылдың желтоқсанында «Номад» Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Мазмұнға өту
