Спорт

Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құрлықтық біріншіліктің финалында ол Гонконг өкілі Кейлин Сэнді 15:12 есебімен жеңді.

Бұл жүлде Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысы тарихындағы алғашқы алтын медаль болды. Бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында жекелей сында жүлде алмаған еді.

Көп оқылғандар