Әлем

Иран АҚШ-пен диалогты тоқтатты: Таяу Шығыста жаңа шиеленіс

Сурет: Egemen Qazaqstan

Иран АҚШ-пен атысты тоқтату туралы келісім бойынша ақпарат алмасуды тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін. Ирандық Tasnim агенттігінің хабарлауынша, келіссөз тобы диалогты үзген.

«Біз АҚШ-пен кез келген байланысты доғардық. Олардың ұсыныстары біздің талаптарымызға сай келмеді», – деді Иран делегациясының өкілі.

АҚШ әкімшілігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылар бұл жағдай аймақтағы тұрақсыздықты күшейтетінін ескертеді.

Көп оқылғандар