Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Сенегал құрамасы Ирак командасын 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Африкалықтар сапында Пап Гуйе екі гол соқты. Хабиб Диарра, Исмаила Сарр және Илиман Ндиай да бір-бір голдан енгізді.
Осылайша Сенегал құрамасы әлем чемпионаттары тарихында бір ойында бес гол соққан алғашқы Африка құрамасы атанды.
Топтық кезең қорытындысында Сенегал 3 ұпаймен I тобында үшінші орында тұр. Команда 8 гол соғып, 6 гол жіберіп алды. Қазіргі уақытта сенегалдықтар өз топтарында үшінші орын алған құрамалар арасындағы аралық кестеде бесінші орында. Сонымен қатар 3 ұпай жинаған командалар ішінде доп айырмасы (+2) бойынша үздік көрсеткішке ие.
Ал Ирак құрамасы өз тобында бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы төртінші орынмен әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Естеріңізге салайық, Ирак құрамасы өз тарихында әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр.

