Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы жеке парақшасын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Қазір оның аккаунты барлық қолданушылар үшін қайта ашылды.
Бұған дейін теннисші ағылшын ойыншысы Кэти Бултерден жеңіліп, парақшасын өшірген еді. БАҚ дерегінше, бұған турнирден шыққан соң әлеуметтік желілерде көптеп келген қорлау сөздері мен қоқан-лоқы хабарламалары себеп болған.
12 маусым күні бүкіл әлем бойынша Instagram және Facebook платформаларының жұмысында жаппай ақау тіркелгенін еске саламыз. Лондондағы турнирдің ширек финалында Рыбакина британиялық теннисшіге үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 4:6 есебімен есе жіберді.
21-27 маусым аралығында Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жарыс оның Уимблдон алдындағы соңғы маңызды сындарының бірі болмақ.

