Сурет: Aikyn.kz
29 мамырда таңғы 06:30 шамасында Индер–Қарабау тасжолының 15-шақырымында жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Апат кезінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетті. Алайда алған жарақаттары салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолдың тайғақ болуы апатқа себеп болуы мүмкін.

