Әлем

Хьюстонда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Хьюстон қаласында Қазақстанның Бас консулдығы жұмысын бастады. 20 қарашада дипломатиялық өкілдік алғашқы келушілерін қабылдап, консулдық қызмет көрсетуге кірісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді Техас штатында және консулдық округке кіретін басқа да штаттарда тұратын отандастарымыз құжат рәсімдеу, құқықтық көмек алу және өзге де консулдық мәселелер бойынша Хьюстон қаласына тікелей жүгіне алады. Осылайша қажетті қызметтерді алу үшін басқа қалаларға барудың қажеті болмайды.

«Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, отандастарымызға қолдау көрсету, екіжақты байланыстарды кеңейту және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі 2027 жылы ашылуы мүмкін екенін айтты.

Көп оқылғандар