Сурет: Egemen Qazaqstan
Хорватия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Гананы 2:1 есебімен ұтып, L тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеңімпаздар сапынан Петар Сучич пен Никола Влашич гол соқты. Гана құрамасының жалғыз голын Деррик Луккассен енгізді.
Осылайша, Хорватия 6 ұпай жинап, L тобында екінші орынға тұрақтады. 4 ұпай еншілеген Гана үшінші орын алды. Екі құрама да әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топта 7 ұпаймен бірінші орын алған Англия 1/16 финалға тікелей өтті.
1/16 финалда бұл құрамалардың қарсыластары кейінірек анықталады.

