Спорт

Холандтың голы Норвегияны ӘЧ 1/8 финалына шығарды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д’Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің 39-шы минутында Антонио Нуса есеп ашты. Кот-д’Ивуар құрамасы 74-ші минутта Амад Диаллоның голымен есепті теңестірді. Алайда 86-шы минутта Эрлинг Холанд жеңіс голын соғып, командасын келесі кезеңге шығарды.

Енді Норвегия құрамасы 1/8 финалда Бразилиямен кездеседі.

Көп оқылғандар