Сурет: championat.com
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің алғашқы бөлігінде екі команда тең ойын көрсетті. 13-минутта қосалқы құрамнан шыққан Маркус Педерсен 43-минутта гол соғып, командасын алға шығарды.
Үзілістен кейін Норвегияның көшбасшысы Эрлинг Холанд есеп айырмасын ұлғайтты. Шабуылшы 56-минутта командасының екінші голын соғып, қарсыласын қиын жағдайға қалдырды.
Сенегалдықтар сапынан Исмаила Сарр есеп айырмасын қысқартқанымен, көп ұзамай Холанд тағы да көзге түсті. 79-минутта дубль авторы атанған шабуылшы Норвегияның есебін еселей түсті.
Қосымша уақытта Сарр да өзінің екінші голын соқты. Алайда бұл сенегалдықтарды жеңілістен құтқара алмады.
Осылайша Эрлинг Холанд әлем чемпионатында қатарынан екінші дублін жасап, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде екінші орынға көтерілді. Ал көш басында бес голмен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тұр.
Еске сала кетейік, 26 маусым күні Норвегия Франциямен кездессе, Сенегал құрамасы Иракқа қарсы алаңға шығады.

