Лондондық «Челси» футбол клубы испаниялық маман Хаби Алонсомен бас бапкер лауазымы бойынша келіссөзді аяқтап қалды. Тараптар 2028 жылға дейінгі ұзақмерзімді келісімшартқа қол қоюға жақын, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы британдық басылымдар жазды. Алонсо қазір «Байер 04» (Леверкузен) командасын жаттықтырып жүр. Ол бұған дейін «Ливерпуль» және «Реал Мадрид» секілді клубтарда ойнаған.
«Хаби Алонсо — қазіргі заманның ең үздік жас бапкерлерінің бірі. Оның «Байермен» Бундеслигадағы жетістіктері ерекше назар аудартады», — дейді футбол сарапшылары.
Алонсо «Байерді» 2024 жылы тұңғыш рет Бундеслига чемпионы атандырды. Егер келісім жүзеге асса, ол «Челсиді» жаңа маусымға дайындайтын болады.

