Сурет: Қазыбек Қалмағамбетовтің жеке мұрағаты
Қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарысты іріктеу кезеңінен бастаған ол алғашқы белдесуінде Германия өкілі Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен ұтты. Бұл кездесу 3 минут 37 секундқа созылып, техникалық басымдықпен аяқталды.
1/8 финалда америкалық Амрын Брайан Наттермен кездесіп, 6 минуттық белдесуде 1:1 есебі тіркелді. Алайда VPO1 критерийі бойынша жеңіс Қазыбекке берілді.
Ширек финалда мысырлық Мұхаммед Хасан Ахмед Абдельрахимді 4:1 есебімен жеңді. Қазақ балуаны партерде айналдырып, 2 ұпай еншілесе, қарсыласының сәтсіз челленджінен кейін тағы бір ұпай қосқан.
Жартылай финалда Мажарстанның биылғы Еуропа чемпионы Петр Житовоозбен белдесіп, 7:5 есебімен басым түсті. Осылайша ол финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Анапияның да U20 әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған еді. Алайда ол қола медаль үшін күресте қарсыласынан ұтылып қалды.
Сондай-ақ, Германияның Дортмунд қаласында өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 5 қола — барлығы 15 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған еді.
Мазмұнға өту
