Спорт

Грек-рим күресі: Еркебұлан Анапия қола үшін күреседі

Сурет: Бүкіләлемдік күрес одағы

Еркебұлан Анапия Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

77 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде ол Грекия спортшысы Адамантиос Пападатосты 8:1 есебімен ұтты. Енді отандасымыз қола жүлде үшін Иран балуаны Амир Махди Саиди Навамен кездеседі.

Ал Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақта қытайлық Чэнмао Цуйдан 7:1 есебімен ұтылып қалды.

Финалдық кезең бүгін, 17 тамызда өтеді.

Жақында Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 5 қола – барлығы 15 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін Дияр Аманәлі Әзербайжанның Баку қаласында грек-рим күресінен өткен U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Көп оқылғандар