Categories Спорт

Головкиннің World Boxing басшысы болуы – үлкен жетістік, дейді министр

Сурет: ҰОК

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді Қазақстанның бренді деп атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министр Үкіметте өткен брифингте атақты спортшының Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті екенін және 2025 жылдың қарашасында World Boxing халықаралық федерациясының басшысы болып сайланғанын айтты. Оның пікірінше, бұл – отандасымыздың әлемдік аренадағы тарихи жетістігі.

«Геннадий Головкин – біздің брендіміз. Халықаралық майданға алғаш рет шығып, аса танымал спорт түрін басқарған тұлға. Біз үшін бұл – үлкен жетістік. Өйткені осыған дейін халықаралық ұйымдарда отандастарымыз халықаралық спорт федерацияларын басқарған емес», деді министр.

Министрдің айтуынша, әлемдік тәжірибеде бір маманның бір мезгілде халықаралық спорт федерациясын және ұлттық олимпиадалық комитетті басқаруы қалыпты жағдай.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 900-ге жуық спортшы қатысады

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Үкімет…