Сурет: ҰОК
Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы алғашқы белдесуде моңғолиялық Турболд Тумурхууды жеңді. Кейін Черногория өкілі Юсуф Нуркович пен әзербайжандық Руслан Пашаевтан басым түсті. Жартылай финалда бразилиялық Роналд Лиманы ұтып, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде отандасымыз екі дүркін олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов те бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі. Медальдар сарапқа салынатын финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген болатын.

