Спорт

Германия Е тобында көш бастады: Эквадор мен Кюрасао тең ойнады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Кюрасао құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Е тобындағы кездесу АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Екі тур қорытындысы бойынша 6 ұпай жинаған Германия құрамасы Е тобында көш бастап тұр. Екінші орында 3 ұпайы бар Кот-д’Ивуар құрамасы орналасқан. Ал Эквадор мен Кюрасао құрамаларының еншісінде бір-бір ұпайдан бар.

Көп оқылғандар