Categories Спорт

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы, ел мақтанышы Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) ресми түрде енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Головкин бұл мәртебеге ие болған алғашқы ел спортшысы атанды. Онымен бірге бұл тізімге экс-чемпиондар Антонио Тарвер мен Найджел Бенн де енді.

Даңқ залына кіру шарты бойынша соңғы жекпе-жектен кемінде үш жыл өтуі керек. Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шыққан.

Енді GGG есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо секілді әлемдік бокс аңыздарымен қатар аталады.

Головкин Қазақстаннан шыққан алғашқы, ал ТМД елдерінен шыққан төртінші боксшы болып осы мәртебеге ие болды. Бұған дейін бұл тізімге Константин Цзю, сондай-ақ ағайынды Кличколар енген.

Әуесқой бокста Головкин 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, 2004 жылғы Олимпиадада күміс жүлде иеленген. Кәсіпқой рингте ол 42 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже көрсеткен.

GGG орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, нокауттар саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарып, сондай-ақ World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады.

Ұқсас жазбалар

Германия қақпашысы Мануэль Нойер әлем чемпионатында екі рекорд орнатты

Мануэль Нойер 2026 жылғы әлем чемпионатында бесінші мундиальға қатысып, Германия құрамасындағы ең егде ойыншы атанды.

Испания мен Кабо-Верде әлем чемпионатында кездеседі

Бүгін, 15 маусымда, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания Кабо-Вердемен кездеседі. Алғашқы матчтарда Нидерланд-Жапония тең түсті,…

Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатында екі алтын алды

Қытайдың Сючжоу қаласында өткен 2026 жылғы триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын және бір…