Categories Спорт

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі бүгін түнде басталады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың шешуші кезеңінде 32 команда бақ сынайды. Құрамалар 16 жұпқа бөлініп, енді бір ғана жеңілістен турнирден шығып қалатын ойындар өтеді.

Плей-офф кезеңі 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні басталады. Алғашқы кездесуде Канада құрамасы Оңтүстік Африкамен кездеседі.

Плей-офф кезеңінің ойын кестесі:

  • 28 маусым, 00:00 – Канада – Оңтүстік Африка
  • 29 маусым, 22:00 – Бразилия – Жапония
  • 30 маусым, 01:30 – Германия – Парагвай
  • 30 маусым, 06:00 – Нидерланд – Марокко
  • 30 маусым, 22:00 – Кот-д’Ивуар – Норвегия
  • 1 шілде, 02:00 – Франция – Швеция
  • 1 шілде, 06:00 – Мексика – Эквадор
  • 1 шілде, 21:00 – Англия – Конго ДР
  • 2 шілде, 01:00 – Бельгия – Сенегал
  • 2 шілде, 05:00 – АҚШ – Босния және Герцеговина
  • 3 шілде, 04:00 – Португалия – Хорватия
  • 3 шілде, 23:00 – Аустралия – Египет
  • 4 шілде, 03:00 – Аргентина – Кабо-Верде
  • 4 шілде, 06:30 – Колумбия – Гана

Турнирдің келесі кезеңдері белгілі бір кесте бойынша өтеді. Ал әлем чемпионатының финалы және 3-орын үшін матч 18-19 шілдеге жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Футболдан ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы команда атанды

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды.

Дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды

Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті.