Categories Спорт

Футболдан ӘЧ: Мексика алғашқы ойында Оңтүстік Африканы жеңді

Сурет: championat.ru

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Мексика құрамасы Оңтүстік Африканы жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мексика астанасы Мехикодағы «Ацтека» стадионында өткен кездесуде екі құрама да ерте гол соғуға ұмтылды. Алғашқы минуттардан бастап мексикалықтар белсенділік танытып, 9-минутта Хулиан Киньонес қақпаны дәл көздеді.

Бұл голдан кейін африкалық құрама есепті теңестіруге тырысты, ал мексикалықтар есепті еселеуге ұмтылды. Екінші кезеңде Оңтүстік Африка сапынан Яя Ситхоле 49-минутта қызыл қағаз алып, ойынды ерте аяқтауға мәжбүр болды. 67-минутта мексикалық шабуылшы Рауль Хименес қарсылас қақпасына гол соғып, есепті ұлғайтты.

Ойынның 84-минутында Оңтүстік Африка сапынан Тхемба Зване, ал 92-минутта мексикалық Сесар Монтес алаңнан қуылды.

Екінші турда 19 маусымда Мексика Оңтүстік Кореямен, ал 18 маусымда Оңтүстік Африка Чехиямен кездеседі. Бұл топтағы алғашқы турдың тағы бір ойыны Қазақстан уақытымен 7:00-де Оңтүстік Корея мен Чехия арасында өтеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады. Бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды чемпионат болмақ, өйткені топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Ұқсас жазбалар

Жозе Моуринью «Реалға» ресми түрде қайта оралды

Жозе Моуринью мадридтік «Реал» клубына ресми түрде қайта оралды. Тараптар үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

ФИФА футболшылардың құқығын күшейтетін жаңа ережелерді бекітті

ФИФА футболшылардың құқығын күшейтетін жаңа ережелерді бекітті. Жаңа ережелер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне…

Жәнібек Әлімханұлы рингке оралатынын мәлімдеді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындық барысымен бөлісті.