Спорт

Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді

Сурет: Fifa.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобында Нидерланд пен Швеция құрамалары кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы турда Жапониямен 2:2 есебімен тең түскен нидерландтық футболшылар екінші ойында жеңіске жетуге тырысты. Ал Швеция бірінші турда Тунисті 5:1 есебімен ұтқан болатын.

Бүгінгі кездесуде нидерландтықтар бірінші минуттан бастап басымдықты өз қолдарына алды. Брайан Бробби 5-ші және 17-ші минуттарда гол соғып, есеп ашты.

Екінші таймда олар шабуылды күшейтті. Коди Гакпо 47-ші минутта гол соғып, 54-ші минутта екінші мәрте көзге түсті.

Швеция сапынан Энтони Эланга 59-ші минутта бір голмен жауап қайтарды, ал Крисенсио Саммервилл 89-ші минутта қорытынды есепті белгіледі.

21 маусымда Қазақстан уақытымен 09:00-де Жапония мен Тунис, сондай-ақ 21 тамызда сағат 01:00-де Германия — Кот-д’Ивуар, 05:00-де Эквадор мен Кюрасао құрамалары кездеседі.

Көп оқылғандар