Әлем

Францияда хакерлер қан плазмасын сақтайтын үш құрылғыға шабуыл жасады

Сурет: istockphoto.com

Францияда белгісіз хакерлер донорлық қан плазмасын сақтайтын тоңазытқыш қондырғыларына кибершабуыл жасады. Шабуыл кезінде құрылғылардың температуралық параметрлері -30 градустан +110 градусқа дейін өзгертілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алайда ақау уақытында анықталып, қан плазмасының қорын сақтап қалу мүмкін болды. Францияның Қан қызметі ұйым мердігеріне тиесілі үш тоңазытқыш қондырғысына кибершабуыл жасалғанын растады.

Температура көрсеткіштерінің өзгергенін техник маман дер кезінде байқап, қажетті шаралар қабылдаған. Соның арқасында сақтаулы тұрған қан плазмасы бүлінбеген.

Бұған дейін Еуропада хакерлер супермаркеттердің тоңазытқыш жүйелеріне шабуыл жасағаны белгілі.

Көп оқылғандар