Спорт

Франция әлем чемпионатында Швецияны 3:0 есебімен жеңді

Сурет: facebook.com / fifa

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Есеп бірінші таймның соңында ашылды. 45-минутта бұрыштамадан кейін Килиан Мбаппе айып алаңында допқа бірінші болып жетіп, дәл соққымен командасын алға шығарды.

Екінші таймның 53-минутында Майкл Олисе қорғаушылар арасынан пас беріп, Брэдли Барколя мүмкіндікті пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.

74-минутта Майкл Олисе тағы да паспен Мбаппені айып алаңына шығарды. Франция капитаны қорғаушыны алдап өтіп, әдемі айналдыра тепкен соққымен дубль жасады. Жалпы есеп 3:0.

Осылайша Франция 1/8 финалға шығып, келесі кезеңде Парагваймен кездеседі.

Көп оқылғандар