Басты тақырып

Филиппинде ғимарат қирап, 40-қа жуық адам үйінді астында

Сурет: Report

Филиппиннің солтүстігіндегі Пампанга провинциясындағы Анхелес қаласында тұрғын үй салынып жатқан ғимарат опырылып құлады. Үйінді астында шамамен 30-40 жұмысшы қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта үйінді астынан адамдарды шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ғимараттың күйреуіне құрылыс нормаларының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Құрбандар саны әлі нақтыланған жоқ.

Құтқару жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де тартылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Көп оқылғандар