Categories Спорт

FIFA алғаш рет қызыл қағаз алған футболшыны жазадан босатты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет қызыл қағаз алған футболшының автоматты дисквалификациясын тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға қатысты. Ол Босния және Герцеговинаға қарсы матчта алаңнан қуылған еді.

FIFA бұл шешім ұйымның Тәртіп кодексінің 27-бабына сәйкес қабылданғанын мәлімдеді. Аталған бап ерекше жағдайларда тәртіптік жазаның күшін уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді. Алайда футболшы алған қызыл қағаз оның тәртіптік тарихында сақталады.

The Guardian басылымының мәліметінше, шешім қабылданар алдында АҚШ президенті Дональд Трамп FIFA басшылығына бірнеше мәрте жүгінген. Басылым дерегіне сүйенсек, ол Балогунның дисквалификациясын алып тастауды сұрап, федерация өкілдерімен үш рет байланысқан. Шешім жарияланғаннан кейін Трамп FIFA-ға алғыс айтып, ұйымның «үлкен әділетсіздікті түзеткенін» мәлімдеді.

Ал Бельгия Корольдік футбол қауымдастығы бұл шешімді сынға алып, оның қолданыстағы ережелерге қайшы келетінін мәлімдеді. Ұйым өкілдері алдағы іс-қимылдың ықтимал нұсқаларын қарастырып жатқанын хабарлады.

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия бұл жағдайды «1 сәуірдегі әзілге» теңеді.

Өз кезегінде АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино FIFA шешімін қолдап, Балогунға көрсетілген қызыл қағаз бастапқыда тым қатаң жаза болғанын айтты.

Ұқсас жазбалар

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңді

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Ұлыбритания Гран-приінде Ferrari маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ұлыбритания Гран-при кезеңінде Шарль Леклер жеңіске жетіп, Ferrari командасына биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады.

Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер турнирінде жеңіспен бастады

18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске…