Categories Спорт

Файзуллаев әлем чемпионатында алғашқы голын соқты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мексика, АҚШ және Канада бірлесіп өткізіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы алғашқы ойынында Колумбиямен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«К» тобындағы бұл матч Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтті. Өзбекстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысып, мықты қорғаныс көрсетті. Колумбиялық шабуылшылар қақпаға алғашқы дәл соққыны тек 17-минутта жасады. Абдуқадыр Хусанов бастаған қорғаныс сызығы берік болды.

Алайда 40-минутта Муньос есеп ашып, Колумбияны алға шығарды. Екінші таймда Өзбекстан 60-минутта гол соқты: 22 жастағы Аббосбек Файзуллаев әлем чемпионатындағы алғашқы голын еншіледі. Ол Колумбия қорғаушыларын шатастырып, допты қақпаға енгізді.

65-минутта Луис Диас Колумбияны қайта алға шығарды. Өзбекстан ойыншылары қарымта шабуыл жасауға тырысты. Бас төреші Энтони Тейлор (Англия) екінші таймға 8 минут қосты. 90+8-минутта Хаминтон Кампас үшінші голды соқты. Матч соңында Бехруджон Кәрімовтің алыстан тепкен соққысы қақпа маңынан қайтты.

Италиялық бапкер Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы топтық кезеңнен шығуға мүмкіндігін сақтап отыр. Келесі матчта олар Португалиямен ойнайды. Бүгінгі ойынның тікелей трансляциясын Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Ұқсас жазбалар

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді. АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы SoFi стадионында өткен ойында…

Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы екінші турда Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы…

Назым Қызайбай әлем Кубогының екінші кезеңінде есесін қайтарды

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлем Кубогының екінші кезеңінде ширек финалда поляк боксшысын жеңіп,…