Сурет: istockphoto.com
Еуропалық Одақ баспана беруден бас тартылған мигранттарды үшінші елдерге орналастыру үшін келіссөздер бастауы мүмкін. Бұл тізімге Қазақстан да кіруі ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Еуроодақ мигранттарды қабылдаудан бас тартқан елдермен арнайы орталықтар құруды талқылап жатыр. Бұл орталықтар Одақ аумағынан тыс жерде орналасып, баспана алмаған адамдарды уақытша ұстауға арналады.
Қазақстанның бұл бастамаға қатысуы әзірге ресми расталған жоқ. Дегенмен, сарапшылар мұндай келісім елдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келуі мүмкін екенін ескертеді.

