Спорт

Есмигүл Куюлова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдошы Есмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы үшінші орын үшін болған белдесуде Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллаевамен кездесті. Куюлова қосымша уақытта қарсыласын жеңіп, Азиаданың қола медалін иеленді.

Бұл – Есмигүл Куюлованың Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада да 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған.

Айта кетейік, бүгін 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат, ал 70 келіге дейінгі салмақта Ажар Асхат финалдық белдесуге шығады.

Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 3 дзюдошысы жартылай финалға шықты.

Көп оқылғандар