Сурет: Egemen Qazaqstan
Иорданияның Амман қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ернат Кеңесбек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, спортшыны білікті бапкер Жандос Сайлаубеков дайындаған.
Бұған дейін Ернат Кеңесбек Қазақстан чемпионатында және Грузияда өткен Еуропа кубогында күміс жүлдегер болған.
Мазмұнға өту
