Сурет: Egemen Qazaqstan
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд жаңа маусым алдында өзінің сырт келбетін өзгертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Норвегиялық футболшы ұзын шашымен қоштасып, қысқа шаш үлгісін таңдады. Ол жаңа образын әлеуметтік желіде көрсетіп, «Жаңа маусым – жаңа шаш үлгісі» деп жазды.
Жанкүйерлер футболшының жаңа келбетіне екі түрлі қарады. Кейбірі жаңа образды құптаса, басқалары бұрынғы шаш үлгісін қалдырғанды жөн көрді.
Мазмұнға өту
