Сурет: Aikyn.kz
Алматыда өтіп жатқан «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумында Вице-президент Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасын насихаттауға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қариннің сөзінше, іс-шара әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте ұйымдастырылған. Ғылым мен техника саласындағы ең беделді мемлекеттік сыйлық әл-Фараби атымен аталады. Елде ғұлама есімін иеленген мектептер мен мекемелер жеткілікті. Оның мұрасын дәріптеу үшін халықаралық симпозиумдар, конференциялар жиі өткізіледі, монографиялар мен жинақтар жазылып, деректі фильмдер түсіріледі.
– Бүгінгі іс-шарамыз әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте өтіп жатыр. Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы ең беделді мемлекеттік сыйлығы әл-Фараби атымен аталады. Елімізде ұлы ғұламаның есімін иеленген мектептер мен мекемелер де жетерлік. Әл-Фараби мұрасын дәріптеу мақсатында халықаралық ғылыми симпозиумдар, конференциялар жиі ұйымдастырылады. Монографиялар мен жинақтар үздіксіз жазылып жатады. Деректі фильмдер түсіріледі. Әлбетте, мұның бәрі әл-Фарабидің еңбектерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның мол мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашады, – деді Ерлан Қарин.
Вице-президенттің айтуынша, соңғы жылдары Президенттің арқасында бұл бағыттағы жұмысқа жаңа серпін берілген. Жақында жарық көретін Қазақстан тарихының көптомдығында әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай идеяларының сабақтастығы кеңінен қамтылып, оларға жеке тараулар арналған. Сондай-ақ Президент бастамашылық еткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасында үш ғұлама өскелең ұрпаққа рухани бағдар ретінде енгізілген. Бірыңғай дизайн кодқа сәйкес мектеп қабырғаларына әл-Фараби бастаған ойшылдардың қанатты сөздері мен суреттері орналастырылуда. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім мен ғылымды дәріптеу бағытындағы бастамаларының заңды жалғасы, деді Қарин.
Мазмұнға өту
