Спорт

Ерасыл Қажыбаев Загребте қола жүлде үшін белдеседі

Сурет: Олимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола медаль үшін таласады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол үшінші орын үшін грузиялық Саба Инанеишвилимен кездеседі. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

Ширек финалда Қажыбаев әзербайжандық Ушанги Кокауриге жол берді. Алайда жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті жеңіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алды.

Ал 78 келіден жоғары салмақта сынға түскен қазақстандық Аида Тойшыбекова жарысты аяқтады. Ол жұбаныш белдесуінде польшалық Кинга Вольшчактан жеңіліп қалды.

Естеріңізге салайық, Загребте дзюдодан Гран-при турнирі басталды. Дүбірлі додаға әлемнің 68 елінен келген 486 спортшы жүлдеге таласады.

Көп оқылғандар