Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешіттің атауын «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық Бас мешіт – елорда мен бүкіл Қазақстан мұсылмандарының ортақ рухани ордасы. Ол халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етеді.
ҚМДБ хабарламасында жаңа атаумен мешіт халықтың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қосатыны айтылған.

