Қоғам

Елімізде 163 млн алаяқтық қоңырауға тосқауыл қойылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жыл басынан бері елімізде 3,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – Ішкі істер министрлігі, Ұлттық банк, қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесі. Антифрод-орталықтың мүмкіндіктері азаматтарға келуі мүмкін қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат бұғатталды. Сонымен қатар байланыс операторлары 163 млн-нан астам алаяқтық телефон қоңырауын бұғаттады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Киберқадағалау» мемлекеттік жүйесі арқылы заңсыз әрекетке пайдаланылған 26 мың интернет-ресурс анықталып, олардың жұмысына тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, заңсыз call-орталықтар мен дропперлік желілердің қызметі тоқтатылды.

Жыл басында Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды.

Көп оқылғандар