Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын немесе заң талаптарына сай келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған еді. Қазіргі уақытта бұл жоспар толық орындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер өткізілді. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және заңнама сақталуын бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.
«Жалпы 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды», делінген хабарламада.
Мазмұнға өту
