Спорт

Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіспен бастады

Сурет: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 154-орында тұрған франциялық Лоис Буассонды 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.

Енді екінші айналымда Рыбакина, румыниялық Елена-Габриэла Русе мен америкалық Кэти Макнелли арасындағы ойында жеңімпаз атанған теннисшімен бақ сынайтын болады.

Көп оқылғандар