Сурет: ҚТФ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канадаға аттанып, Торонтода өтетін WTA 1000 санатындағы жарысқа дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Теннисші Instagram Stories парақшасында корттағы жаттығу сәттерінен фото жариялап, оған «Сәлем, Торонто!» деген жазба қалдырған.
Канададағы жарыс Рыбакина үшін үзілістен кейінгі алғашқы ресми турнир болмақ. Матчтар 2–13 тамыз аралығында ашық хард корттарында өтеді. Қазақстандық теннисші турнирге қатысушылар тізіміне ресми түрде енгізілген.
Турнирдің жүлде қоры — 7 433 076 доллар. Торонтода әлемнің жетекші теннисшілері бас қосады. Бұл жарыс олардың US Open — 2026 турниріне дайындығындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.
Еске сала кетейік, Рыбакина соңғы ресми кездесуін 2026 жылғы 4 шілдеде Уимблдон турнирінде өткізген. Үшінші айналымда ол бельгиялық Элизе Мертенс қарсыласына 6:7 (4:7), 1:6 есебімен жол берген.
Мазмұнға өту
