Сурет: ҚТФ
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үшінші айналымда ол әлемнің 31-ракеткасы америкалық Энн Лимен кездесті. Бұл екі спортшының алғашқы ойыны еді.
Бірінші сетте Елена 2:0, 4:1 есебімен алға шықты. Қарсыласы есепті қысқартқанымен, Рыбакина 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте 4:3 есебінде Ли брейк жасап, 5:3-ке жеткізді. Алайда Елена қатарынан төрт геймді иеленіп, 7:5 есебімен матчты аяқтады.
Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ли 2 брейкпен шектелді.
Ширек финалға шығу үшін Елена әлемнің 55-ракеткасы ресейлік Людмила Самсонова мен 75-орындағы аустралиялық Майя Джойнттың арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Мазмұнға өту
