Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
1/8 финалда ол ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, үш сетте басым түсті. Есеп 6:4, 4:6, 6:4.
Келесі кезекте Рыбакинаның қарсыласы жапондық Наоми Осака болады.
Бұған дейін елдің бірінші ракеткасы турнирдің 1/8 финалына шыққанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ 6 тамызда ол Торонтодағы жарысты жеңіспен бастап, WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды.
Мазмұнға өту
