Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026» турнирінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін алғаш рет татамиге шықты. Бірақ бұл жолы жеңіс оның еншісіне бұйырмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдос Сметов өзінің алғашқы айналымдағы қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Бұл – оның Париж Олимпиадасында алтын алғаннан кейінгі алғашқі ресми жекпе-жегі еді.
«Мен үшін бұл жарыс ерекше болды. Ұзақ үзілістен кейін қайта оралу оңай емес. Қателіктерімді түзетіп, алға ұмтыла беремін», – деді Сметов жеңілістен кейін.
Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері бұл жеңіліс спортшының басты мақсаты – 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықтың бір бөлігі екенін айтады. Олар Сметовтың әлі де әлемдік дзюдо көшбасшысы екенін атап өтті.
Турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатыр. Оған әлемнің 30-дан астам елінен мықты дзюдошылар қатысуда.

