Ақорда

Эльдар Күзенбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үкімет қаулысымен Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Эльдар Күзенбаев 1982 жылы Қостанай облысында туған. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы Соттар әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2003–2006 жылдары Қостанай облысы Соттар әкімшісінде бас маман, атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы, аға сот орындаушысы болды. 2006–2008 жылдары Қостанай облысы Әділет департаменті Қарабалық аудандық әділет басқармасын басқарды. 2008–2010 жылдары Қостанай облысы Қостанай аудандық әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2010–2013 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, 2013–2018 жылдары Сарыкөл ауданының әкімі, 2018–2019 жылдары Арқалық қаласының әкімі болды. 2019–2021 жылдары Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2021–2022 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2022–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды. 2026 жылғы наурыздан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы лауазымында қызмет етті.

Көп оқылғандар