Categories Шартарап

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері бозкілемге шықты. Нәтижесінде екі отандасымыз алтын жүлде үшін күреске шықса, үш балуан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет жартылай финалда жапониялық Рёсэй Сукэгаваны жеңді. Енді ол финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен күреседі.

97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов 1/2 финалда моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Отгондойваадан басым түсті. Қазақстандық спортшы ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунмен белдеседі.

57 келіге дейінгі салмақта Рамиль Расим қола жүлде үшін өтетін белдесуде үндістандық Рохитпен күш сынасады. 65 келіге дейінгі салмақта Мұхамеджан Орынбасар өзбекстандық Санжарбек Анварбековпен қола жүлдені сарапқа салады. 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өтетін белдесуде Амирбек Урдушевпен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

6 шілдеде Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматында мерекелік концерт өтеді.

Ұлттық домбыра күніне орай елімізде 2000-нан астам іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді. Оның ішінде концерттер,…

Астанадағы жаңа туристік нысандар 352 мың туристі тартты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға келген туристер саны 12%-ға өсіп, 352 мыңнан асты. Жаңа туристік…