Спорт

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Әділжан Жаудинов жеңімпаз атанды

Сурет: ҰОК

Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

90 келіден жоғары салмақта белдескен Әділжан Жаудинов әлем чемпионы атанды. Финалда ол ресейлік Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Фатима Супығалиева (52 келіге дейін) әлем чемпионы атанған еді.

Күміс жүлдені Әдия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) иеленді.

Ал қола медаль Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Усенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекалиге (73 келіге дейін) бұйырды.

Көп оқылғандар